Accessibility links

Астанада көпқабатты үйдегі өрттен үш бала зардап шеккен


Астана қаласы. (Көрнекі сурет.)
Астана қаласы. (Көрнекі сурет.)

Астана қаласында 18 қабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан иіс тиген үш нәресте ауруханаға түскен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, бүгін таңертең сағат 05:18 кезінде Сарыарқа ауданындағы 18 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан алтыншы қабатына дейін орнатылған 15 метрлік электр кабелі өртенген. Төтенше оқиға кезінде тұрғындар пәтерлерінен өз бетімен шыққан.

"Өрт салдарынан тараған газдан 2018 жылы туған үш сәби уланып, ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы орташа бірқалыпты", - деп хабарлаған ІІМ ТЖ баспасөз қызметінің өкілі.


Көпқабатты тұрғын үйдегі өрт сағат 06:15 кезінде сөндірілген. Төтенше оқиғаның салдарынан ғимарат электр қуатынан ажыратылған.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG