Accessibility links

Сочи әуежайында алаңнан шығып кеткен Boeing өртенген


Әуежай алаңынан шығып кеткен Boeing 737-800 жолаушылар ұшағындағы өрт. Сочи, 1 қыркүйек 2018 жыл.
Әуежай алаңынан шығып кеткен Boeing 737-800 жолаушылар ұшағындағы өрт. Сочи, 1 қыркүйек 2018 жыл.

Ресейдің Сочи қаласының әуежайына сенбіге қараған түні Мәскеуден ұшып келген Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы жерге қонғаннан кейін алаңнан шығып кетіп, қоршауға соғылғаннан кейін өртенген. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлады. Төтенше оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, 18 кісі зардап шеккен.

UTair әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Сочи әуежайына тек екінші әрекетінен кейін қонған.

"Ұшу және қону алаңынан шығып кеткен ұшақ екпінімен қауіпсіздік жолағынан өтіп барып брустверге соғылған соң сол жақ қанатынан айырылған", - деген агенттікке әуежайдағы дереккөзі.

Бұдан соң "өзен аңғарына түсіп кеткен ұшақтың дөңгелектерінің тіреуіштері мен қанаты қирап, сол жақ қозғалтқышта өрт шыққан" делінген UTair әуе компаниясының хабарламасында.

Ұшақта 164 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған. Адамдарды ұшақтан эвакуациялаған. 18 адам зардап шеккен. Алты адам (арасында екі бала бар) ауруханаға жатқызылған деп хабарлады Ресей денсаулық сақтау министрлігі.


Төтенше оқиға салдарынан бір адам – жанып жатқан ұшақтан жолаушыларды шығаруға көмектесіп жүрген Сочи әуежайының қызметкері қаза тапқан. Ол жүргеі қысып, ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған деп хабарлады "Интерфакс".

Ресей тергеу комитеті Сочи әуежайына Boeing жолаушылар ұшағының апатты жағдайда қонуына байланысты "Тұтынушылардың денсаулық қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG