Accessibility links

Назарбаев туризмді дамыту қажеттігін айтты


Алакөлде демалып жүрген адамдар. Алматы облысы, шілде, 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
Алакөлде демалып жүрген адамдар. Алматы облысы, шілде, 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Бүгін Астанада Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде президент Нұрсұлтан Назарбаев елде шағын және орта бизнесті, сонымен бірге туризм саласын дамыту қажеттігін айтты.

"Мықты экономиканың негізі – ең алдымен шағын және орта бизнеске байланысты. Стратегиялық мақсат – 2050 жылға дейін экономикадағы оның үлесін 50 пайызға дейін жеткізу. Бүгін бұл салада миллионнан астам субъект, тұрғындардың белсенді бөлігінің 30 пайыздан астамы жұмыс істеп жатыр", - деді Назарбаев.

Ол елде туризмді ары қарай дамыту қажеттігін айтты. Оның сөзінше, үкімет осы мақсатты көздейтін заңнамалық өзгерістер пакетін дайындап, парламентке ұсынатын болады.

"Туризмді дамытудың 2023 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу үкіметке тапсырылды. Ол қаржылай және қажетті заңнамалық базамен негізделуі тиіс, оны биылғы жылдың соңына дейін қарастыру қажет", - деп мәлімдеді Назарбаев.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG