Accessibility links

Ошта Өзбекстан салған мектеп ашылды


Әлішер Науаи атындағы мектеп-гимназиядағы алғашқы қоңырау. Ош, Қырғызстан, 1 қыркүйек 2018 жыл.
Әлішер Науаи атындағы мектеп-гимназиядағы алғашқы қоңырау. Ош, Қырғызстан, 1 қыркүйек 2018 жыл.

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында Әлішер Науаи атындағы №18 мектеп-гимназия жұмысын бастады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. 630 оқушыға арналған білім мекемесінің құрылысын Өзбекстан үкіметі қаржыландырған. Сонымен бірге Өзбекстан тарабы жаңа мектепке жихаз-жабдықтар сатып әперген.

Жаңадан салынған мектептің орнында бұған дейін 1936 жылы салынған білім мекемесі болған. Ол 2008 жылы жер сілкінісі салдарынан қирағаннан кейін оқушылар үш ауысымда оқуға мәжбүр болып келген еді.


Құны 4 миллион доллар тұратын жаңа мектеп-гимназияның ғимараты Қырғызстан мен Өзбекстан үкіметтері арасында жасалған келісім бойынша салынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG