Accessibility links

Полиция: Амстердамдағы шабуылға күдіктінің террорлық ниеті болған


Пышақпен шабыл жасалған орталық вокзалда тұрған полиция қызметкерлері, 31 тамыз 2018 жыл.
Пышақпен шабыл жасалған орталық вокзалда тұрған полиция қызметкерлері, 31 тамыз 2018 жыл.

Сенбі күні Нидерланд полициясы 31 тамызда Амстердамның орталық вокзалында жұртқа пышақпен жасалған шабуылға күдікті 19 жастағы Ауғанстан азаматының «террорлық» ниеті болған деп мәлімдеді.

Шабуыл салдарынан екі турист – АҚШ азаматтары зардап шеккен. Елеулі жарақат алған олар ауруханаға түскен.


Полиция өкілдері атып жаралаған күдікті жігіт те ауруханада жатыр. Сенбі күні полиция одан жауап алған. Хабарларға қарағанда, оның Германия берген ықтияр хаты бар. Күдіктінің қандай да бір террорлық топқа қатысы бар ма я ол жалғыз өзі әрекет еткен бе – ол туралы әзірге ақпарат жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG