Accessibility links

Сауд Арабиясы Йемендегі бейбіт тұрғындар қазасына кінәсін мойындады


Әуе соққысынан мерт болғандарды жерлеу. Йемен, 10 тамыз 2018 жыл.
Әуе соққысынан мерт болғандарды жерлеу. Йемен, 10 тамыз 2018 жыл.

Йемендегі қарулы жанжалда Иран қолдайтын хуситтер топтарына қарсы халықаралық қауымдастық мойындаған үкімет күштері жағында соғысып жатқан Сауд Арабиясы жетекшілік ететін араб елдері коалициясының өкілдері тамыз айында жасаған әуе соққысынан мерт болған бейбіт тұрғындардың қазасына кінәсін мойындаған.

Барлау қызметінің ақпаратында хуситтер жетекшілері бар деп көрсетілген автобусқа әуеден соққы берілген. Бірақ әлгі көлікте бейбіт тұрғындар, көбі – балалар отырған. Әуе шабуылы салдарынан 51 адам (арасында 40 бала бар) мерт болған. Бұл оқиға әлемде наразылық туғызып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тергеу жүргізуге шақырған. Коалиция әуе соққысын ұйымдастыруға және шабуылдауға қатысы бар адамдарды "жазалауға" уәде берген.


Сауд Арабиясы осы аптада БҰҰ өкілдері Йемендегі қарулы жанжалға қатысып жатқан тараптардың барлығы әскери қылмыс жасаған болуы ықтимал деп мәлімдегеннен кейін "қатесін" мойындаған. Бұдан соң Пентагон басшысы Джеймс Мэттис Сауд Арабиясы мен оның Йемендегі одақтастарына АҚШ-тың қолдауы "шартсыз емес" деп мәлімдеп, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігіне басымдылық берілуі тиіс деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG