Accessibility links

Германияда қарсылық акцияларында 300 адам ұсталған


Миграцияға қарсылық шеруіне шыққандардың БАҚ өкілдеріне ұмтылған сәті. Хемниц, Германия, 1 қыркүйек 2018 жыл.
Миграцияға қарсылық шеруіне шыққандардың БАҚ өкілдеріне ұмтылған сәті. Хемниц, Германия, 1 қыркүйек 2018 жыл.

Сенбі күні Германияның оңтүстік-шығысындағы Хемниц қаласында үкіметтің миграциялық саясатын қолдайтындар мен оған қарсылардың жаппай шерулері барысында 300-ге жуық адамды ұстаған. Bild басылымының хабарлауынша, тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен 11 адам ауруханаға жатқызылған. Жаппай шерулерге барлығы 9,5 мың манифестант қатысқан. Акциялар кезіндегі қауіпсіздікті екі мыңға жуық полиция қызметкерлері қамтамасыз еткен.

Әсіреоңшылдар акциялары тамыздың 26-сынан бері жалғасып келеді. Олар 35 жастағы жергілікті тұрғынның қазасына күдікті ретінде Таяу Шығыстан келген екі босқын ұсталғаннан кейін басталған. Қыркүйектің 1-індегі миграцияға қарсылық шеруін "Балама Германия" популистік партиясы мен исламға қарсы Pegida қозғалысы ұйымдастырған.


Германия билігінің өкілдері әсіреоңшылдарды мигранттарға деген өшпенділікті таратады деп айыптаған. Сенбі күні бұрын нацистік концлагерь болған Дахауға барған сыртқы істер министрі Хайко Маас әсіреоңшылдар шеруіне қатысқан кей адамдардың нацистерше сәлем бергенін айтып, неонацизмге қарсы күресуге шақырған.

"Балама Германия" партиясының өкілдері Хемницте қалыптасқан жағдайға канцлер Меркель мен оның 2015 жылы сириялық босқындарға ел шекарасын ашу туралы қабылдаған шешімін кінәлайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG