Accessibility links

Биробиджанда үкімет пен парламенттің отставкасын талап етті


Зейнетақы реформасына қарсылық акциясына қатысушы. (Көрнекі сурет.)
Зейнетақы реформасына қарсылық акциясына қатысушы. (Көрнекі сурет.)

Қыркүйектің 2-і күні Ресейдің Биробиджан қаласында жергілікті тұрғындар зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы шеру өткізді. Олар зейнетақы реформасын тоқтатуды және Ресей үкіметі мен Мемлекеттік думаны отставкаға жіберуді талап еткен. Наразылық акциясына 100-ден астам адам қатысты деп хабарлайды "Сибирь.Реалии" сайты.

Ресей федерациясы коммунистік партиясының (КПРФ) жергілікті бөлімшесі ұйымдастырған шеруге қатысушылар арасында жасы ұлғайған адамдар басым болды деп хабарлайды dvnovosti.ru порталы. Акцияға қатысқан белсенділер "Медведевтің үкіметі отставкаға кетсін", "Зейнеткер жасын ұлғайтуды қолдайтын саясаткерлерге бір де дауыс жоқ", "Биліктің халыққа қарсы әлеуметтік террорына жол бермейміз", "Зейнетке шығу жасын ұлғайту – зиратқа жол" деген және басқа да жазулар ұстап тұрған.


Шеруге қатысушылар қабылдаған қарарда зейнетке шығу жасы мен қосымша құн салығын ұлғайтпауды, Ресей Мемлекеттік думасын таратып, премьер-министр Дмитрий Медведев басқаратын үкіметті отставкаға жіберуді талап еткен. КПРФ Биробиджанда зейнетақы реформасына қарсы осымен үшінші шеру ұйымдастырып өткізді. Келесі акцияны қыркүйектің соңында өткізу жоспарланған.

Шілденің ортасында Ресей Мемлекеттік думасы елде ер адамдар зейнетке 65 жастан, әйелдер – 63 жастан бастап шығатындай етіп зейнеткерлік жасын біртіндеп көтеруді көздейтін үкіметтің әзірлеген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған. Ресейдің ондаған қаласында зейнетақы реформасына наразылық акциялары өткен, социологиялық қызметтер ел президенті Владимир Путиннің рейтингі төмендегенін тіркеген. Тамыздың 29-ы күні Ресей президенті заң жобасындағы әйелдердің зейнетке шығу жасын 60 жасқа дейін төмендетуді, сонымен бірге көпбалалы аналарға мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығын беруді қарастыруды және жасы зейнетке шығуға таяған адамдарды жұмыстан босатқаны үшін жауапкершілік енгізуді ұсынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG