Accessibility links

Ошта шағын автобус көпірден құлап, 6 кісі зардап шеккен


Апатқа ұшыраған жолаушылар автобусы. 2 қыркүйек 2018 жыл. Әлеуметтік желідегі сурет.
Апатқа ұшыраған жолаушылар автобусы. 2 қыркүйек 2018 жыл. Әлеуметтік желідегі сурет.

Қырғызстанның Ош қаласында жолаушы тасымалдайтын шағын автобус көпірден құлап, салдарынан алты адам зардап шеккен.

Қалалық ішкі істер басқармасының дерегінше, төрт адам ауруханаға түскен. Аяқ-қолы сынған 48 жастағы әйел жансақтандыру бөліміне жатқызылған.


Жол-көлік оқиғасы жексенбі күні жергілікті уақытпен сағат 12-ге қарай болған. 27 жастағы жүргізушінің айтуынша, ол автобус тізгініне ие бола алмай қалған. Honda Fit маркалы жеңіл көлікке барып соғылған автобус онан кейін көпірден құлаған. Жүргізушінің өзі зардап шекпеген.

Көлік апатына байланысты тексеру басталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG