Accessibility links

Грузияда НАТО әскерімен бірге жаттығу өтіп жатыр


НАТО әскерилері қатысқан Noble Partner-2018 әскери жаттығуына қатысып жатқан сарбаздар. Грузия, 15 тамыз 2018 жыл.
НАТО әскерилері қатысқан Noble Partner-2018 әскери жаттығуына қатысып жатқан сарбаздар. Грузия, 15 тамыз 2018 жыл.

2 қыркүйекте Грузияның "Сенаки" әскери базасында Agile Spirit-2018 оқу-жаттығуы басталды. Жаттығуға НАТО-ға мүше АҚШ, Болгария, Румыния, Латвия, Грекия, Украина, Түркия, Чехия, Эстония және Грузиядан барлығы 243 сарбаз қатысады. Жаттығу 2008 жылы тамызда Ресей толықтай жойып жіберген әскери базада өтіп жатыр.

Бұған дейінгі Noble Partner-2018 әскери оқулары тамыз айында аяқталған. Оған да НАТО-ның бірқатар елдерінің әскері қатысқан.

Грузия қазір НАТО-мен интеграцияның үшінші кезеңінде. Әскери блокқа қосылу үшін әлі тағы бір кезең бар.

Әскери жаттығуларды ашқан Грузия қорғаныс министрі грузин әскерінің қазіргі жағдайын "стратегиялық тұрғыдан дайын" деп сипаттады.

Agile Spirit оқулары Грузияда 2011 жылдан бері жылда өтізіліп келеді. Былтырғы жаттығуға жеті мемлекет қатысқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG