Accessibility links

Хаменеи: Иран армиясының қорғаныс қабілетін күшейту керек


Аятолла Әли Хаменеи, Иран рухани көсемі.
Аятолла Әли Хаменеи, Иран рухани көсемі.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи ел қарулы күштерін қорғаныс қабілетін күшейтуге шақырды. Дегенмен, аятолла соғыс бола қалу ықтималдығы төмен екенін айтады.

Хаменеидің ресми сайтында 2 қыркүйек күні қолбасшыларға арнаған үндеуінде саяси болжам бойынша, соғыс болу қаупі жоқ екені, алайда, "қарулы күштер қырағылық танытып, әскер мен техникалық ресурсын күшейтуі тиістігі" айтылады.

Бірер күн бұрын Иран АҚШ-пен қарым-қатынасы шиеленісе бастағанда өзінің баллистикалық және қанатты зымырандарының тактикалық және техникалық мүмкіндіктерін күшейту және заманауи жойғыш ұшақтар мен сүңгуір қайықтар сатып алу жоспарын жариялаған. Хаменеидің сайтында рухани көсемнің әскерилермен әскери әуе күштері күніне орай кездескені айтылады.

АҚШ президенті Дональд Трамп өз елін 2015 жылы Иранның әлемдік державалармен жасасқан ядролық келісімінен шығарған соң екі ел арасында сөзбен тәжікелесу жиілеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG