Accessibility links

Рио-де-Жанейрода Бразилия ұлттық мұражайы өртенді


Рио-де-Жанейрода өртеніп жатқан Бразилия ұлттық мұражайы. 2 қыркүйек 2018 жыл.
Рио-де-Жанейрода өртеніп жатқан Бразилия ұлттық мұражайы. 2 қыркүйек 2018 жыл.

Рио-де-Жанейрода Бразилия ұлттық мұражайы өртенді. Бразилиялық Globo газетінің хабарлауынша, өрт 2 қыркүйек күні кешке басталған.

Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Мұражай жәдігерлері түгелге дерлік өртеніп кеткен. Өрттен қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Бір кездері Португалия королі әулетінің резиденциясы болған мұражайдың салынғанына биыл 200 жыл толған. Бразилия президенті Мишел Темер Twitter-де "200 жылдық жұмыс, зерттеу мен білім жойылды" деп жазды.

Мұражай директоры бразилиялық телеарнаға берген сұхбатында өртті "мәдени қасірет" деп атады.

Мұражайды 1818 жылы Португалия королі Жуан VI құрған. Мұражайда ел тарихына, ежелгі Египет пен антика әлеміне қатысты 20 миллионнан астам жәдігер жиналған еді.

Мұражайда ғылымда маңызы бар қазба заттары - динозаврдың сүйектері мен 12 мың жыл бұрын өмір сүрген, Америка құрлығында табылған ең ежелгі адам қаңқасы - әйел сүйектері де сақталған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG