Accessibility links

Норвегияда Джулиан Ассанждың серігі жоғалды


Ослодағы норвег полицейі (Көрнекі сурет).
Ослодағы норвег полицейі (Көрнекі сурет).

Норвегия полициясы киберқауіпсіздік бойынша маман Арьен Кампхейстің із-түзсіз жоғалуына байланысты тергеу амалдарын бастады. Кампхейс WikiLeaks сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанжбен бірге жұмыс істеген.

WikiLeaks-тің ақпараты бойынша, Кампхейсті әріптестері мен серіктері соңғы рет 20 тамызда Норвегияның солтүстігіндегі Буде қаласында көрген. Олар Кампхейстің елдің орталығындағы Тронхейм қаласына жолға шыққанын айтады.

Полиция Арьен Кампхейстің қайда екені туралы әзірге еш дерек біле алмай отырғанын мәлімдеді.

Арьен Кампхейс - Нидерланд азаматы. Ол зерттеу бағытында жазатын журналистерге арналған "Журналистер үшін ақпараттың қауіпсіздігі" деп аталатын кітаптың авторы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG