Accessibility links

Биржада доллар бағамы тағы қымбаттады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында 4 қыркүйектегі таңертеңгі сессияда доллардың орташа бағамы 366 теңге 95 тиынды құрады. Биржада 53 миллионнан астам доллар сатылды.

Соңғы екі айда теңгенің долларға шаққандағы құны 7,8 пайызға құнсызданып отыр. Шілденің басында биржада доллар 342-343 теңгеден сатылған.

Қазақстан Ұлттық банкі бұған дейін теңге құнының құлдырауы геосаяси жағдаймен, АҚШ-тың бірнеше елге, соның ішінде Ресейге санкция салуымен байланысты екенін мәлімдеген.

Ресей экспортқа шығаратын негізгі тауар - мұнай бағасы қымбаттағанына қарамастан, АҚШ санкциясына байланысты рубль бағамы да төмендеп жатыр. Бұған қоса басқа да дамушы елдер валюталарының арзандағаны байқалады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG