Accessibility links

Қазақстан көкпар құрамасы Көшпенділер ойынына қайта қосылды


Қазақстан көкпар құрамасының ойыншысы.
Қазақстан көкпар құрамасының ойыншысы.

Қазақстанның көкпар құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қатысады. Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі спорт комитетінің хабарлауынша, Қырғызстан тарапымен арадағы мәселе шешілді, көкпар құрамасы жарысқа қатысуға дайын.

"Көкпардан Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысудан бас тартқаны жөнінде ақпарат шыққан еді. Қазақстан тарапынан ұйымдастырушыларға ойынның ережелері бойынша сұрақтар туындады. Қазір барлық мәселе шешілді. Қазақстан көкпар команда ойындарға қатысады, ешкім ешқайда кеткен жоқ. 4 қыркүйекте ұлттық құрама Ресейдің Красноярск өлкесінен келген командамен ойнайды" деп мәлімдеді комитеттің баспасөз қызметі.

Қырғызстан көкпар федерациясы да Қазақстан көкпаршыларының жарысқа қатысатынын хабарлады.

3 қыркүйек күні Қазақстан көкпар құрамасы Красноярск өлкесінің командасымен ойынға шықпаған еді. Қазақстан көкпар федерациясы ойында көкпар тастайтын қазандық ретінде тайқазан қолдануға қарсы шығып, шеңбер пайдалануды талап еткен. Қазақстан тарабы Қырғызстанды жарысқа қатысатын жылқы бермеді деп те айыптаған.

Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2 қыркүйекте Чолпон-атада басталған. 8 қыркүйекке дейін болатын ойындарға ондаған елден үш мыңға тарта спортшы қатысып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG