Accessibility links

АҚШ Сенаты Жоғарғы сот судьясына кандидатты талқылады


Бретт Кавано, АҚШ Жоғарғы соты судьясы қызметіне кандидат.
Бретт Кавано, АҚШ Жоғарғы соты судьясы қызметіне кандидат.

АҚШ Жоғарғы сотының судьясы қызметіне кандидат Бретт Кавано 4 қыркүйекте Сенаттың заң комитетінде өзінің кандидатурасын бекітетін тыңдауға қатысты. АҚШ президенті Дональд Трамп Каваноны ұзақ мерзімге судьялыққа тағайындау арқылы елдің жоғарғы сот инстанциясындағы консерваторлар басымдығын нығайта түскісі келеді.

Тыңдау басталардан бірнеше минут бұрын демократтар Каваноның әр жылдары атқарған қызметтеріне қатысты құжаттардың бір бөлігімен таныса алмағандарын айтып, тыңдауды кейінге қалдыруды сұрады. Комитет төрағасы Чак Грассли демократтарды тыңдауға кедергі жасап отыр деп айыптады.

Комитеттегі демократтар негізінен Кавананың аборт мәселесі, арнайы прокурордың Трамп қызметі мен Ресейдің 2016 жылғы сайлауға килігуін тергеу құзыретіне, діни сенімдер арасындағы кикілжің мен жыныстық азшылық өкілдерінің құқықтарына қатысты ұстанымдарын білгісі келеді.

Ақ үй сенат 53 жастағы Каваноны отставкаға кеткен судья Энтони Кеннедидің орнына судья қылып қыркүйектің соңына дейін тағайындайды деп үміттенеді. Қазанның 1-інде жоғарғы соттың жаңа сессиясы ашылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG