Accessibility links

Алматы мен Астанада доллар бағамы өсіп барады


Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінің біріндегі валюта бағамдары. 5 қыркүйек 2018 жыл.
Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінің біріндегі валюта бағамдары. 5 қыркүйек 2018 жыл.

Қазақстан қор биржасының (KASE) ақпаратынша, 5 қыркүйекте таңертеңгі сессияда доллардың орташа бағамы 369 теңге 32 тиынды құрады. 4 қыркүйек күнгі таңғы сессиядағы бағаммен салыстырғанда, доллар 2 теңге 37 тиынға қымбаттады.

Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар ендігі 372-373 теңгеден сатылып жатыр.

Кеше үкімет отырысында сөйлеген Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев келесі жылы Ресейге қарсы санкциялар әсерінен Қазақстанда инфляция деңгейі жоғарылайды деген болжам барын мәлімдеген.

"2019-2020 жылдары инфляция жоғарылап, белгіленген межеден асып түсуі ықтимал. Бұл ең алдымен, Ресейге қарсы санкциялармен байланысты болмақ. Екіншіден, бұған ұлттық валютаның құнсыздануы, үшіншіден, мұнай бағасының арзандауы әсер етеді. Бұл әлеуметтік шығындар мен несие көлемінің артуымен де байланысты" деген Данияр Ақышев.

Ұлттық банк 5 қыркүйектегі доллардың ресми бағамын 367 теңге 52 тиын деп белгіледі.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG