Accessibility links

БҰҰ мен Түркия Башар Асад пен Ресей билігіне ескерту жасады


Идлиб провинциясында әуе шабуылынан соң өртенген ғимаратты сөндіріп жатқан өрт сөндірушілер. Сирия, 4 қыркүйек 2018 жыл.

БҰҰ Сирия президенті Башар Асад пен оның одақтасы Ресейге Идлиб провинциясында әскери операция бастағанына байланысты ескерту жасады. БҰҰ қарулы оппозиция бақылауындағы бұл аймақта үш миллионға тарта бейбіт халық, оның ішінде Сирияның басқа аудандарынан барған босқындар да тұратынын еске салды. 4 қыркүйекте және 5 қыркүйек күні таңертең Сирия әуе күштері мен Ресей әскери ұшақтары Идлиб провинциясы мен Хама провинциясының солтүстік аудандарын бомбалаған.

Қыркүйектің 5-і күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Идлибте операция бастауға қарсылығын білдірді. Ол Идлибтегі жағдайды 6 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путинмен және Иран президенті Хассан Роуханимен кездесуінде талқыламақ ниеті барын айтты.

Reuters агенттігінің Сирия адам құқығын қадағалау орталығына сілтеме жасап хабарлауынша, Идлиб провинциясының Жисра-аш-Шугур ауданы бомбаланған. Әрқилы мәліметтер бойынша, кеше бомбалаудан 13 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Ресми Дамаск бұған дейін Идлибті бақылауына алғысы келетінін бірнеше рет мәлімдеген. Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров провинцияны "іріңді жара" деп атаған.

Идлиб - Сириядағы қарулы оппозиция қолында тұрған соңғы анклав. Бұл аумақтың бір бөлігі БҰҰ террорлық ұйым деп таныған "Хайят Тахрир аш-Шам" тобының қол астында, басқа бөлігін Сирия ерікті армиясының жасақтары мен Асадқа қарсы басқа да топтар бақылайды.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Air Astana ұшағына не болды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00
Португалиядағы оқиға

Air Astana ұшағына не болды?

XS
SM
MD
LG