Accessibility links

Астанада Ауғанстандағы әйелдер құқығы жөнінде декларация қабылданды


Ауғанстандық әйелдер (Көрнекі сурет).
Ауғанстандық әйелдер (Көрнекі сурет).

Астанада "Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыру" тақырыбындағы аймақтық конференциясында декларация қабылданды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, құжатта конференцияға қатысушылардың "Ауғанстанда әйелдер мен қыздардың өмір сүру жағдайы мен білімін арттыру ел экономикасының дамуына үлес қосады" деп білетіні айтылған.

Декларацияда конференцияға қатысушылар "барлық мүдделі тараптарды әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыруға үлес қосуға" шақырған.

Осы конференцияда Қазақстан үкіметінің 2019–2020 жылдары ауған қыздарын оқытуға стипендиялар бөлгені хабарланды.

Ауғанстанда әйелдер құқықтарын дамыту жөніндегі аймақтық конференцияның келесі басқосуы 2019 жылы қыркүйек айында өтеді.

40 жылға таяу уақыт азаматтық соғыс шарпыған Ауғанстанда әйелдердің қоғамдағы рөлі төмендеп кеткен. Соңғы жылдары ғана ауған әйелдері елдің қоғамдық өміріне араласа бастады. Ресми мәліметтер бойынша, қазір Ауғанстан үкіметінде жеті әйел министр бар, шетелде бес әйел елші қызметін атқарады, сот органдарында 300-дей әйел судья болып істейді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG