Accessibility links

БАҚ: Ақ үй әкімшілігінде Трамп саясатына қарсылық бар


Дональд Трамп, АҚШ президенті. Вашингтон, 31 тамыз 2018 жыл.
Дональд Трамп, АҚШ президенті. Вашингтон, 31 тамыз 2018 жыл.

New York Times газеті АҚШ президенті әкімшілігі қызметкерінің анонимді мақаласын жариялады. 5 қыркүйекте жарияланған мақала авторы өзін басқарушы құрылым ішіндегі президент Дональд Трамптың "нашар саясатының салдарын" жоюға тырысатын "қарсыласушы топтың" өкілімін деп атайды.

Аты-жөнін атамаған автор мақалада әріптестерінің көбі президент Трамптың "алдын-ала болжап білмейтін, қызуқанды іс-қимылының" салдарын жоюға және "пісіп-жетілмеген, кейде ағат шешімдер" қабылдауына жол бермеуге тырысатынын жазады.

Мақалада автор бұған Трамп әкімшілігінің Ресейге қатысты қатаң саясат ұстанатынын, ал бұл Дональд Трамптың Кремль мен Ресей президенті Владимир Путин туралы жария мәлімдемелері сарынына сай келмейтінін мысалға келтіреді. Мақала авторының сөзінше, Ресей азаматтары мен компанияларына қарсы санкциялар Ақ үйдің АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлерінің іс-қимылы арқасында күшейтіліп отыр.

Дональд Трамп газет мақаласын "масқара" деп атап, газетті ұлттық қауіпсіздік мақсатында автордың аты-жөнін жариялауға шақырды.

Ақ үй баспасөз хатшысы Сара Сандерс мақала авторын "заңды сайланған АҚШ президентін қолдамайды, керісінше алдайды" деп атап, оны отставкаға кетуге шақырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG