Accessibility links

Биржада доллар бағамы тағы қымбаттады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында 6 қыркүйекте таңғы сессияда доллардың орташа бағамы 370 теңге 80 тиынды құрады. Сессия жабылатын кезде доллар 372 теңге 16 тиыннан сатылды.

Ұлттық банк доллардың бүгінгі ресми бағамын 369 теңге 89 тиын деп белгіледі.

Ақша айырбастау пунктерінде бүгін доллар 374-375 теңгеден сатылып жатыр.

Соңғы айда теңгенің долларға шаққандағы құны 6,9 пайызға (немесе 22 теңге 98 тиын) арзандады. Қазақстан Ұлттық банкі бұған дейін теңгені еркін айналымға жібергендіктен, валюта бағамын реттеуге араласпайтынын мәлімдеген. Ұлттық банк ұстанымы бойынша, бұл саясат экономикада "теңгерімсіздік туындауына" жол бермейді. Бірақ Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев валюта бағамына сыртқы факторлар - АҚШ-тың санкция салу саясаты мен дамушы елдер валюталарының, оның ішінде рубльдің құнсыздануы әсер ететінін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG