Accessibility links

Әкімдік: Фердаусиде оқушы қыздардың көбі орамалын шешті


Фердауси ауылында орамал тартып келгені үшін мектепке кіре алмай тұрған қыздар. Мақтарал ауданы, Түркістан облысы, 5 қыркүйек 2018 жыл.
Фердауси ауылында орамал тартып келгені үшін мектепке кіре алмай тұрған қыздар. Мақтарал ауданы, Түркістан облысы, 5 қыркүйек 2018 жыл.

Түркістан облысының Мақтарал ауданы Фердауси ауылында жоғары сыныпта оқитын орамал тартатын 203 қыздың 169-ы сабаққа орамалын шешіп келген. Бұл туралы Азаттыққа Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Дінмұхамед Аязбеков айтты.

Оның сөзінше, ауылда құрамында психологтары бар арнайы штаб әлі жұмыс істеп жатыр. Бүгін оның құрамына теологтар қосылған.

Оқушы қыздардың орамалын шеше бастағанын А.Фердауси атындағы мектеп директоры Жанар Мамырова растады. Оның айтуынша, қазір бастауыш және жоғары сыныптарда орамалын шешпегендіктен мектепке келмеген 56 оқушы қыз бар. Бүгін психологтар сабаққа келмеген қыздардың үйлеріне барып, сабақтан не себептен қалғанын анықтап жатыр.

Фердаусидегі орамал дауы білім және ғылым министрлігінің 2016 жылы қаңтарда шығарған бірыңғай мектеп формасы ережесі туралы №26 бұйрығынан кейін шыға бастаған. Билік бұйрықтың орындалуын талап етсе, ата-аналар дәстүрді алға тартып, қыздарының мектепке орамалсыз баруына қарсы шығады.

Көре отырыңыз: Фердаусиде хиджаб дауы жалғасты

​Министрлік бұйрығы былтыр күзде Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында да кейбір мектеп әкімшілігі мен ата-ана арасындағы "орамал дауына" себепші болған. Аталған аймақтарда мектеп әкімшілігі сабаққа кіргізбей қойған ондаған оқушының ата-анасы сотқа арыз берген. Тұрғындар шағымын қараған соттар Білім және ғылым министрлігі мен мектептің ұстанымын қолдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG