Accessibility links

Петропавлда үй өртеніп, бір адам қаза тапты


Петропавлда Жұмысшы кенті ықшамауданында өртенген жеке үй алдында жүрген өрт сөндірушілер мен тұрғындар. 6 қыркүйек 2018 жыл.
Петропавлда Жұмысшы кенті ықшамауданында өртенген жеке үй алдында жүрген өрт сөндірушілер мен тұрғындар. 6 қыркүйек 2018 жыл.

Петропавлда 6 қыркүйек күні қаланың Жұмысшы кенті ықшамауданында Михеев көшесінде орналасқан жеке үй өртеніп, салдарынан 1950 жылы туған ер адам қаза тапты. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт туралы хабар сағат таңғы жеті жарым шамасында түскен, сағат сегіз жарымда өрт сөндірілген. Оқиға орнында қарияның жансыз денесі табылған.

Департаменттің аға инженері Әзімхан Мерғасымов өрт төсекте темекі шеккендіктен шығуы мүмкін екенін айтады.

Петропавлда жыл басынан бері 148 өрт болып, салдарынан бүгінгіні қосқанда 10 адам қаза тауып отыр. Құрбандардың төртеуі - балалар. Өрттен барлығы 47 миллион теңге шығын келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG