Accessibility links

Франция Ресейді спутник деректерін ұрламақ болды деп айыптады


күні Францияның қорғаныс министрі Флоранс Парли
күні Францияның қорғаныс министрі Флоранс Парли

Франция мен Италияның армиялары қауіпсіз байланыс үшін пайдаланатын француз-итальян әскери спутнигіндегі шифрленген деректерді Ресей ұрлауға тырысқан. Бұл туралы жұма күні Францияның қорғаныс министрі Флоранс Парли мәлімдеген деп хабарлайды Reuters.

Парлидың айтуынша, оқиға өткен жылы болған жерден 36 мың километр қашықта ресейлік "Луч-Олимп" радиоэлектроникалық спутнигі Athena-Fidus ("Афина-Фидус") спутнигіне тым жақын барған. Еуропалық әскерилер мәліметтер қолды болмасы үшін шұғыл шаралар қабылдады дейді министр. Оның айтуынша, мұнан соң ресейлік спутник өзге ғарыш аппараттарға жақындауға тырысқан.

Парли "көршілерден тың тыңдау қырын қабақ болу ғана емес, шпиондық жасау" екенін айтқан.


Франция қорғаныс министрі Ресей ғана емес, сонымен бірге Қытай мен АҚШ та болашақта әскери бәсекелестік алаңына айналуы ықтимал ғарышқа көбірек назар бөліп отырғанын айтқан. Министрдің мәлімдеуінше, сол себепті АҚШ-тың ғарыш әскерін құруын орынды деп санауға болады.

Бұған дейін АҚШ ресейлік инспектор спутниктің «әдеттен тыс» іс-қимыл танытқаны туралы мәлімдеген. Мұндай типтегі спутниктер орбитада бұлтарыс жасап, өзге спутниктерге жақын барып, олардан ақпарат ала алады. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының қару-жарақты бақылау бойынша көмекшісі Илам Поблет айтқан.

Ресей қорғаныс министрлігі аталған аппараттың ғарышқа 2017 жылғы қазанда ұшырылғанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG