Accessibility links

БҰҰ Сириядағы жағдай ушығып кетуі мүмкін деп алаңдайды


Идлиб провинциясындағы ел ішіндегі босқындарға арналған лагерь. Сирия, 30 шілде 2018 жыл.
Идлиб провинциясындағы ел ішіндегі босқындарға арналған лагерь. Сирия, 30 шілде 2018 жыл.

БҰҰ Сирия мен Ресей күштері жақын уақытта көлемді шабуыл жасап, оның соңы гуманитарлық апатқа ұласуы және Түркия қолдайтын көтерілісшілермен қарулы тайталасқа әкелуі мүмкін деп алаңдайды. Бұл туралы "Америка дауысы" хабарлады.

Апта ішінде ресейлік және ресейлік күштер Идлиб провинциясындағы нысандарға әуеден бірнеше рет соққы берген.

Ұлыбританияда орналасқан сириялық адам құқығы жағдайын бақылау орталығына сілтеме жасап Reuters агенттігінің хабарлауынша, жұма күні Идлиб провинциясындағы қарулы оппозиция нысандарына әуеден шабуылдар жасалған.


Сирия жанжалын реттеу бойынша Тегеранда өткен үшжақты саммитте Түркия президенті Режеп Ердоған Сириядағы Башар Асад режиміне бағынбайтын жалғыз аймақта бітім жариялауды ұсынған. Ресей президенті Владимир Путин Сирия үкіметі елдің бүкіл аумағына бақылау орнатуға құқылы деп санайды. Иран президенті Хасан Роухани Иран әскері Сириядан кетпейді деп уәде берген деп хабарлайды ВВС.

Үш елдің басшылары қабылдаған бірлескен мәлімдемеде Сирияда қарулы оппозициялық топтардан терроршыларды бөле қарастыру – бейбіт халық арасында бейкүні қазаға жол бермеу үшін шешуші мәнге ие делінген.

Соңғы екі аптада Асад әскерінің жақын күндері Идлибке шабуыл бастайтыны туралы бірнеше рет хабарланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG