Accessibility links

Иракта демонстранттар Иран консулдығын өртеді


Иран консулдығы өртеніп жатыр. Басра, Ирак, 7 қыркүйек 2018 жыл.
Иран консулдығы өртеніп жатыр. Басра, Ирак, 7 қыркүйек 2018 жыл.

Ирактың оңтүстігіндегі Басра қаласында демонстранттар Иран консулдығына ойран салып, ғимаратты өртеп жіберген. Бұл туралы қауіпсіздік қызметі мен оқиғаның куәгерлері хабарлаған.

Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, демонстранттар от қойған кезде ғимарат ішінде адамдар болмаған. Демонстранттар Тегеранның "Ирактағы саяси жағдайға шектен тыс араласып отырғанына" қарсылық білдіріп ұрандатқан.

Иракта бес күннен бері үкіметке қарсы акциялар жалғасып жатыр. Бір ғана Басра қаласының өзінде күш құрылымдарымен қақтығыстар барысында кемінде 11 адам қаза тауып, тағы 11 адам зардап шеккен. Әкімшілік ғимараттарының көбі тоналып, өртеп, қиратылған. Қыркүйектің 7-і күні билік Басра қаласында жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-ден бастап коменданттық сағат жарияланған.


Ирак пен Иран арасында сегіз жылға жалғасқан соғыс 1988 жылы аяқталған. 2003 жылы АҚШ бастаған коалиция күштері Иракқа басып кіріп, Саддам Хусейн биліктен тайдырылғаннан кейін екі ел өзара тығыз байланыс орнатқан. Шииттер басқаратын Иран Ирактың саяси істеріне белсенді түрде араласды және өткен жылы Иракта "Ислам мемлекеті" экстремистік тобын талқандауға қатысып, елеулі роль атқарған ықпалды шииттік көтерілісшілер топтарына қолдау танытады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG