Accessibility links

Пхеньянда Ким Чен Ын мен Валентина Матвиенко кездескен


Ресей федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко.
Ресей федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко.

Ресей федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездескен деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігі.

Матвиенконың сөзінше, Солтүстік Корея басшысы Ресейге сапармен баруға әзір екенін растаған. Матвиенко екі ел дипломаттары болашақ кездесудің уақыты мен орынын нақтылауға кіріскен.

Ким Чен Ын жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты қазан айында Ресейдің Владивосток қаласында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатыса алмайтыны хабарланды. Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин осы жиынға Солтүстік Корея басшысын шақыртқан.


Матвиенко Корей Халық-Демократиялық республикасының құрылғанына 70 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысуға Ресей Федерация кеңесінің ресми делегациясы бастап Пхеньянға жұма күні барған.

Бұған дейін Ким Чен Ынмен мамырда Пхеньянда Ресейдің жоғары билік өкілдерінен алғашқы болып сыртқы істер министрі Сергей Лавров кездескен еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG