Accessibility links

Брюссель Донбастағы сепаратистердің "сайлау" өткізу жоспарын сынады


Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини Украинаның шығысындағы аймақтарда "сайлау" өткізуді мақсат етіп отырған ресейшіл сепаратистердің жоспарын сынады. Могерини Мәскеуді сепаратистерге ықпал жасап, оларды сайлау өткізуден бас тартуға көндіруге шақырды.

Могеринидің атынан мәлімдеме жасаған Еуропа Одағы сыртқы саясат ведомствосының өкілі Майя Коцьянчич өзін өзі жариялап алған "Донецк халық республикасы" мен "Луганск халық республикасында" қарашаның 11-іне жоспарланып отырған "сайлаулардың" Минскі келісімдеріне сәйкес келметінін айтқан.


Украина сыртқы істер министрлігі сепаратистердің сайлау өткізуге қатысты жоспарларын айыптаған. Егер "жалған сайлаулар өткізілетін болса, халықаралық қауымдастық оның қорытындыларын мойындамайды", - деп мәлімдеген Киев.

Украинаның шығысында 2014 жылы жанжал басталғалы беру өткен уақыт ішінде 10300-ден астам адам қаза тауып, жүздеген мың жергілікті тұрғын үй-жайлар тастап, босып кетуге мәжбүр болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG