Accessibility links

Ұлыбритания Германиядағы әскерін әкетпейтін болды


Гэвин Уильямсон, Ұлыбритания қорғаныс министрі.

Ұлыбритания Германияда 200-ден астам әскері мен бірнеше әскери нысанын қалдыра беретін болды. Times газетінің хабарлауынша, Ұлыбритания қорғаныс министрі Гэвин Уильямсон бұл туралы шешімді Еуропаға Ресейден қауіп төну ықтималдығына байланысты қабылдады. Бұл шара Лондонның Brexit-тен соң да еуропалық одақтастарын қорғауға дайын екенін айғақтайды.

Германияда қалдырылатын әскери нысандар арасында өзендердің үстінен танктерді өткізетін көпір салатын инженерлік полк бар. Бұған қоса Падерборн қаласына жақын, танктер жаттығуын және жаяу әскер мен бронды техникалар қатысатын ауқымды жаттығу өткізуге арналған ағылшын полигоны да сақталады. Қақтығыс бола қалған жағдайда екі мың танк, бронды техника мен жүк көліктері сыятын база да жұмыс істей береді.


Times газеті Лондон бұл шешімі арқылы Германияны өзінің қорғаныс саласына бөлетін қаржысын ұлғайтуға көндіруді мақсат тұтып отырғанын жазды. Бұған дейін келесі жылы Ұлыбритания Еуропа Одағынан шықса британ әскерилері еліне қайтады деп жоспарланған еді.

Қазір Латвия, Литва, Эстония және Польшада НАТО-ның төрт мың әскері орналасқан. Бұл әскер Ресей шабуыл жасай қалса бірінші болып тойтарыс бермек.

Биыл қаңтарда Ұлыбритания қарулы күштерінің бас штабы арнайы баяндамасын жариялап, "Ресей Еуропа елдеріне қырғи-қабақ соғысынан бергі ең күрделі және әскери әлеуеті ең күшті қауіп-қатер төндіріп отырғанын" мәлімдеген. Құжатта Ұлыбритания қазір Мәскеудің Сирияда паш еткен әскери техникасына бір өзі қарсы тұра алмайтыны айтылған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Air Astana ұшағына не болды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00
Португалиядағы оқиға

Air Astana ұшағына не болды?

XS
SM
MD
LG