Accessibility links

Парижде ер адам пышақпен шабуылдап, 7 адам жараланды


Парижде пышақпен шабуыл жасалған орын. Франция, 10 қыркүйек 2018 жыл.
Парижде пышақпен шабуыл жасалған орын. Франция, 10 қыркүйек 2018 жыл.

Парижде ер адам пышақпен шабуылдап, жеті адамды жаралады. Ауыр жараланған төрт адам ауруханаға түсті. Зардап шеккендер арасында Ұлыбритания азаматтары да бар.

Шабуыл жасады деген күдікті адам ұсталды. Кейбір мәлімет бойынша, күдікті - Ауғанстан азаматы.

Оқиға 9 қыркүйек күні түнге қарай Париждің солтүстік-батысындағы 19-округте болған. Журналистердің мәліметінше, күдікті әуелде кинотеатрға келгендерге еш себепсіз пышақ жұмсаған, сосын ойыншылар мен жақын жерде өтіп бара жатқан жүргіншілерге шабуылдаған.

Reuters агенттігі дереккөзінің айтуынша, полиция әзірге оқиғаны теракт деп қарастырып жатқан жоқ.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG