Accessibility links

Палестинаны азат ету ұйымының Вашингтондағы өкілдігі жабылмақ


Палестинаны азат ету ұйымының Вашингондағы өкілідігі ғимаратына ілінген ту.
Палестинаны азат ету ұйымының Вашингондағы өкілідігі ғимаратына ілінген ту.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Палестинаны азат ету ұйымының Вашингтондағы өкілдігін жабу туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде Палестинаны азат ету ұйымының Израильмен тікелей және нәтижелі келіссөз бастауға ешқандай қадам жасамағаны айтылады.

Мемлекеттік департамент Палестина басшылығын АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Израиль мен Палестинаны татуластыру жоспарын сынады деп айыптады. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, ол жоспар әлі жарияланбаған.

"Біз 2017 жылы қарашада бұрынғы рұқсат мерзімі аяқталған соң Палестинаны азат ету ұйымының өкілдігіне израильдіктер мен палестиналықтар арасында берік бітім орнататын іс-қимылдар жасауына мүмкіндік бердік. Алайда, ұйым Израильмен тікелей және нәтижелі келіссөз бастау қадамдарын уақытында жасамады. Керісінше, ұйым басшылығы АҚШ-тың өздері көрмеген жоспарын сынап, бейбітшілік орнату және басқа да мәселелерде АҚШ үкіметімен ынтымақтастықтан бас тартты. Осы себепті және Конгресстің алаңдауын ескере отырып, әкімшілік Палестинаны азат ету ұйымының Вашингтондағы өкілдігі жабылуы тиіс деген шешім қабылдады" деді мемлекеттік хатшының қоғамдық дипломатия бойынша орынбасарының міндетін атқарушы Хизер Нойерт.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG