Accessibility links

Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды


Астананың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов (сол жақта) пен бұрынғы әкімі Әсет Исекешев.
Астананың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов (сол жақта) пен бұрынғы әкімі Әсет Исекешев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жаңа әкімі қылып Бақыт Сұлтановты тағайындау туралы жарлық шығарды. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

Бақыт Сұлтанов 2013 жылдың қарашасынан бері қаржы министрі болған. Оның алдында президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, президенттің көмекшісі, экономика және бюджетті жоспарлау министрі қызметтерін атқарған.

Астананы 2014 жылдан бері басқарған Әсет Исекешев кеше президент әкімшілігінің жетекшісі қызметіне тағайындалған. Ал президент әкімшілігін осы кезге дейін басқарған Әділбек Жақсыбеков кеше "зейнет жасына жетуіне байланысты" қызметінен кеткен. Оның өкілеттігі былтыр 2022 жылға дейін ұзартылған болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG