Қазақстан қор биржасының (KASE) ақпараты бойынша, 11 қыркүйек күні таңғы сессияда доллар бағамы кешегімен салыстырғанда 2 теңге 86 тиынға қымбаттап, бір доллар 380 теңге 97 тиынға жетті.
Бүгін Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 381 теңгеден сатып алынып, 3833-384 теңгеден сатылып жатыр.
Биыл жаз басталғанда Қазақстанда доллар бағамы 330 теңге болған еді. Қазақстан Ұлттық банкі бұған дейін теңгенің құнсыздануын сыртқы факторлармен, оның ішінде дамушы елдер валюталарының құнсыздануы және АҚШ-тың Ресейге жаңа санкциялар салуымен байланыстырған.
ПІКІРЛЕР