Accessibility links

AI Ресейдегі шерулерде полицияның "қатыгездік танытқанын" айыптады


Росгвардия қызметкерлері биліктің зейнет жасын ұлғайту жоспарына қарсы акцияға шыққан демонстрантты сабап жатыр. Мәскеу, 9 қыркүйек 2018 жыл.

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Ресей полициясының биліктің зейнет жасын ұлғайту жоспарына қарсы бейбіт акцияға шыққандарды күшпен тарату кезінде кәмелетке толмағандарды жаппай ұстауы олардың "абыройын тағы түсіретінін" мәлімдеді.

Ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Мари Струтерс мәлімдемесінде Ресей қалаларында полицияның бейбіт шерушілер мен журналистерді сабап, митингіні күшпен таратуы "жаңалық емесін" айтады.

"Алайда, полицияның кәмелетке толмағандарға құдды бір қылмыскерлер сияқты қатігездік танытуы ұят әрі жантүршіктірерлік екен" деді Струтерс.

9 қыркүйекте Ресейде түрлі деңгейдегі билік органдарына сайлау өткен. Сонымен қатар ондаған қалада мыңдаған тұрғын үкіметтің зейнетақы реформасына қарсы акцияларға шығып, полиция мыңнан астам адамды ұстаған.

Митингілерден түсірілген видеоларда полицияның демонстранттарды тарату үшін күш қолданғаны, кейбір демонстранттарды резеңке таяқпен сабап, сүйреп алып кеткені көрінеді. Әлеуметтік желілерде полицейлердің жастарға қол жұмсаған суреттері тарап кетті. Ресейдің Журналистер және БАҚ қызметкерлері кәсіподағының мәліметінше, ұсталғандар арасында 14 журналист бар, олардың үшеуі соққыға жығылған.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков полицияның әрекетін ақтаған. Ол полицияға "бұзақылар мен арандатушылар соқтықққанын", сондықтан олардың "заң аясында ғана әрекет еткенін" мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG