Accessibility links

Дональд Трамп 11 қыркүйек құрбандарын еске алу жиынында сөйледі


АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақтан екінші) 11 қыркүйек құрбандарын еске алу жиынында сөйлеп тұр. Пенсильвания штаты, 11 қыркүйек 2018 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақтан екінші) 11 қыркүйек құрбандарын еске алу жиынында сөйлеп тұр. Пенсильвания штаты, 11 қыркүйек 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Пенсильвания штатында 17 жыл бұрын United Airlines компаниясының ұшағы құлаған жерге жақын орналасқан Шэнксвилл мемориалдық паркіндегі еске алу жиынына қатысты. Ол құрбан болған жолаушыларды қастыққа қарсы күрескен қаһармандар деп атады.

АҚШ-та 11 қыркүйек - Нью-Йоркте, Вашингтонда және Пенсильвания штатында болған теракті құрбандарын еске алу күні.17 жыл бұрын "Әл-Қаида" ұйымының жанкештілері төрт жолаушы ұшағын айдап әкетіп, Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда үйінің ғимаратын, Вашингтон жанындағы Пентагон ғимаратына соғылған. Шабуылдан үш мыңға жуық америкалық және өзге елдердің азаматтары қаза тапты. Олардың ішінде Пенсильвания штатына құлаған ұшақтағы жолаушылар да бар.

Пенсильванияда құлаған ұшақта барлығы 37 адам, оның ішінде төрт терроршы және жеті экипаж мүшесі болған.

Ал Вашингтондағы оқиғада ұшақ Капитолий ғимаратына жетуге небәрі 20 минут қалғанда құлаған.

Нью-Йоркте Дүниежүзілік сауда үйінің қос мұнарасы болған орынға терактіден тірі қалғандар мен қаза тапқандардың туыстары келіп, еске алды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG