Accessibility links

Ақтөбедегі жанар-жағармай базасында жарылыс болды


Ақтөбедегі жанар-жағармай базасындағы көлік жарылысынан зардап шеккен екі адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Серік Қапанов хабарлады.

Қыркүйектің 10-ы күні жанар-жағар май базасында май таситын көлік жарылып, үш адам зардап шеккен. Жансақтау бөліміне түскен егде әйел мен жас жігіт жанар-жағар май базасында оператор болып жұмыс істеген. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы өте ауыр, денелерінің 80-90 пайызы күйген.

Оқиға 10 қыркүйек Ақтөбенің өндірістік аумағындағы жанар-жағар май базасында болған. Кәсіпорын басшылары бұл оқиғаға қатысты әзірше ешқандай комментарий берген жоқ.

  • 16x9 Image

    Жаңагүл ЖҮРСІН

    Жаңагүл Жүрсін - Азаттықтың Ақтөбе облысындағы тілшісі. 1975 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген. 1996 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе облыстық телевидениесінен бастап, әр жылдары осы өңірдегі түрлі БАҚ-та тілші, редактор, бас редактор қызметін атқарған. Азаттықпен 2011 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG