Accessibility links

Олег Сенцовті Сахаров атындағы сыйлыққа ұсынды


Олег Сенцов Ресейдің Лабытнанги қаласындағы түрмеде отыр. Тамыз 2018 жыл.
Олег Сенцов Ресейдің Лабытнанги қаласындағы түрмеде отыр. Тамыз 2018 жыл.

Украиналық режиссер Олег Сенцов Еуропа парламентінде андрей Сахаров атындағы сыйлыққа ұсынылды. Азаттық тілшісі Рикард Йозвяктің хабарлауынша, Сенцовті сыйлыққа Еуропа парламентіндегі ең ірі фракция - Еуропа халықтық партиясы ұсынды.

Ресей түрмесінде отырған Олег Сенцов 2015 жылы Мәскеу аннексиялап алған Қырымда теракт жасамақ болды деген айыппен 20 жылға сотталған. Режиссер өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Ол мамырдың ортасынан бері Ресей түрмелеріндегі барлық украин саяси тұтқындарын босатуды талап етіп, аштық жариялап отыр.

Сахаров сыйлығын Еуропа парламенті 1988 жылы тағайындаған. Сыйлық адам құқықтары мен оның негізгі еркіндіктерін қорғауға ерекше үлес қосқандарға беріледі. Былтыр сыйлық Венесуэланың демократиялық оппозициясына, 2016 жылы Ирактан шыққан құқық қорғаушыларға берілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG