Accessibility links

АҚШ-та мигранттар босқын мәртебесін қайта сұрай алады


Латын Америкасы елдерінен шыққан мигранттарды иммиграциялық орталыққа әкеліп жатыр. Аризона штаты, АҚШ (Көрнекі сурет).
Латын Америкасы елдерінен шыққан мигранттарды иммиграциялық орталыққа әкеліп жатыр. Аризона штаты, АҚШ (Көрнекі сурет).

АҚШ-та мыңнан астам заңсыз мигрант босқын мәртебесін алуға қайта өтініш түсіре алады. Ақ үй әкімшілігі "президент Дональд Трамп төзімсіздік саясатын ұстанады" деп сынаушыларға жауап ретінде осындай шешім қабылдады.

Осыған дейін заңсыз мигранттарды АҚШ шекарасында ұстап, сотқа дейін қамауға алып келген. Ал балаларын уақытша балалар үйіне жіберген. Бұл саясат құқық қорғаушылар мен Трампты сынайтындардың қарсылығын туғызды.

Маусым айында Трамп ересектер балалар өміріне қауіп тудырса немесе туысқандық байланысы дәлелденбесе, босқындардың балаларын алып, уақытша паналау үйіне өткізу жөнінде жарлық шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG