Accessibility links

Петр Павленскийді Франция түрмесінен босатты


Петр Павленский, ресейлік суретші.
Петр Павленский, ресейлік суретші.

Париж соты ресейлік суретші Петр Павленскийді қамаудан босатты. Суретші енді қамауда отырмайды, есесіне ол Франция аумағынан шықпауға және полицияға белгіленіп тұруға міндеттелді.

Ресейде кейде өзіне жарақат салу арқылы саяси қарсылығын білдірген Павленский 2017 жылы қаңтарда әйелімен бірге Францияға кетіп қалып, сол жылы мамырда саяси баспана алған. Олар 2016 жылы 14 желтоқсанда Варшавадан Ресейге оралған соң тергелген. Олар сол кезде өздерін әлдебір актриса "сабады" деп айыптағанын мәлімдеген. Павленский айыпты жоққа шығарып, оны бопсалау және өзінің Ресейде саяси акциялар жасау әрекетіне кедергі келтіру деп атаған.

Павленский 2017 жылы 16 қазанда Франция банкін өртеген. Ол "әлемде төңкеріс өртін тудырып, ақыр соңында Ресейді азат етуге" түрткі болатын жаңа "француз төңкерісін" жасауға шақырған. Бұдан соң оны полиция "бөтеннің мүлкін бүлдірді" деген айыппен қамауға алып, психиатрлық сараптама жүргізген.

2018 жылы маусымда судья Павленскийді қамау мерзімін ұзарту кезінде оның жұмысы, банкте есепшоты жоғын, тұрақты тіркеуге тұрмағанын және жәрдемақы алмайтынын айтып, Франциядан кетіп қалуы мүмкін деген. Судья сонымен қатар психиатрдың Павленскийдің "жеке бас психикасы бұзылған" және ол өртеу акциясын тағы да жасауы мүмкін деген қорытындысын ескерген.

Павленский 2015 жылы қарашада Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Мәскеудің Лубянск алаңында орналасқан ғимаратын есігіне бензин құйып өртеген соң бірнеше ай қамауда отырған. Ол 2016 жылы маусымда босатылып, үлкен көлемде айыппұл салынған. Бірақ суретші айыппұлды төлеуден бас тартқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG