Accessibility links

Министрлік: Бірнеше қалада мектепте орын жетіспейді


Шымкенттегі 20-мектеп ауласы. 11 қыркүйек 2018 жыл (Көрнекі сурет).
Шымкенттегі 20-мектеп ауласы. 11 қыркүйек 2018 жыл (Көрнекі сурет).

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бала санының көбеюіне байланысты мектепте орын тапшы. Бұл туралы Азаттыққа қыркүйектің 14-і күні Шымкенттегі №24 мектеп-лицейде өткен жиында Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Қаржы орталығының" президенті Асқар Ибраимов айтты.

"Шымкентте халық саны артып келеді. Ең басты мәселе - мектеп тапшылығы. Алдағы уақытта 50-100 мектеп салынғанымен, ол мұқтаждықты толық өтемеуі мүмкін" дейді ол.

Оқи отырыңыз: Орын жетпеген оқушылар басқа ғимаратта оқуға мәжбүр

Қалалық білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайханның мәліметінше, Шымкентте 2018 жылы 7600 түлек мектеп бітіріп, 24 мың бала бірінші сыныпқа барды. Бала саны артып, мектептерге сыймай жатыр. Демографиялық өсім жоғары. "Мектептерді салу жан басына қаржыландыру механизмімен жүзеге асырылады. Осыны мектеп саламын деген азаматтарға түсіндіріп жатырмыз" дейді ол.

Қазір қаладағы алты мектепте оқушыларға орын жетпей, оқушылар бөлек ғимараттарда оқып жатыр. Білім басқармасы мәселені шешу үшін босаған әкімдік ғимараттарын мектепке пайдалануды ұйғарған. Жылда қала мектептеріне 15 мың бала артық келеді. Соңғы бес жылда оқушы саны 50 мыңға артқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG