Accessibility links

Кремль: Боширов пен Петров ешқандай заң бұзған жоқ


Руслан Боширов (сол жақта) және Александр Петров деп аталған адамдар Ресей үкіметі қаржыландыратын RT телеарнасына сұхбат беріп отыр. 13 қыркүйек 2018 жыл.

Ресей билігі Ұлыбритания Ресей әскери барлауының (ГРУ) бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлияға қастандық жасамақ болды деп айыптаған Александр Петров пен Руслан Бошировке қатысты еш әрекет жасамайды. Бұл туралы 14 қыркүйекте Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның сөзінше, күдіктілер Ресей аумағында ешқандай заң бұзбаған және Кремль олардың "әлемнің басқа жерінде қандай заң бұзғанын білмейді".

Песков Ресей билігі Петров пен Бошировты тергеу мәселесін Ұлыбританиядан ресми хат түскен жағдайда ғана қарастыратынын айтады.

Кремль баспасөз хатшысы сонымен қатар өзі де, президент Владимир Путин де ресейлік RT телеарнасына өздерін "Петров" және "Боширов" деп атаған адамдардың берген сұхбатын көрмегенін айтты. Ал телеарна бас редакторы Маргарита Симоньянның сөзінше, Петров пен Боширов Путин Ресей билігі "Боширов пен Петров дегендердің кім екенін білетінін" мәлімдеп, оларға БАҚ-қа сұхбат беруді ұсынғаннан бірнеше сағаттан соң телеарнамен байланысқа шыққан.

Телеарна 13 қыркүйекте жариялаған сұхбатта Петров пен Боширов Скрипальді улауға қатысы барын жоққа шығарған. Олар өздерінің Ресей арнайы қызметінің агенттері емес, бизнесмен екенін және Скрипальдер уланған Ұлыбританияның Солсбери қаласына турист ретінде кафедралдық соборды көруге барғанын айтқан. Олар "Солсбериге 3 және 4 наурыз күні не үшін екі рет бардыңыздар?" деген сауалға алғашқы күні ауа-райы қолайсыз болғанын айтқан. Олар бұған дәлел ретінде Солсбериде, оның ішінде собор жанында түскен суреттерін көрсете алатынын білдірген. Маргарита Симоньянннің 14 қыркүйекте мәлімдеуінше, Петров пен Боширов өзіне әзірге суреттерін жолдамаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG