Accessibility links

Манафорт өзіне тағылған екі айыпты мойындады


Пол Манафорт

АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы Пол Манафорт өзіне тағылған екі айыпты мойындады.

14 қыркүйекте жарияланған сот құжаттарына сай, Манафорт өзіне тағылған "АҚШ-қа қарсы астыртын саясат жүргізді" және "сот жұмысына кедергі келтірді" деген екі айыппен келіскен.

69 жастағы Манафорт - Мәскеу мен Трамптың сайлауалды штабы арасындағы ықтимал астыртын сөз байласуды тергеу ісімен байланысты алғаш сотталып отырған адам. Бұл істі арнайы прокурор Роберт Мюллер тергеп жатыр. Мюллер - Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуі ісі бойынша да тергеуші.

Оқи отырыңыз: Манафорт айыпты деп танылды. Енді не болмақ?

2017 жылы қазанда Пол Манафорт пен оның бизнестегі серігі Рик Гейтс тергеудегі алғашқы фигуранттар атанған. Олар АҚШ-қа қарсы астыртын сөз байласты және Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович пен оның "Аймақтар партиясының" мүддесін қорғаштады деген күдікке ілінген. Рик Гейтс кінәсін мойындаған, ал Манафорт айыпталарды терістеген.

Бұған дейін Роберт Мюллер Пол Манафортқа 18 пункт бойынша айып таққан. 21 тамызда алқабилер соты оны сегіз пункт, оның ішінде банктік алаяқтық, салықтан жалтару, шетел банкіндегі есепшоты барын жасыру баптары бойынша кінәлі деп тапқан. Бұл айыптар Манафорттың Трамптың сайлауалды штабында атқарған жұмысына я болмаса Ресейге тікелей қатысы жоқ. Саяси технолог бұл айыптардың да бәрін жоққа шығарып келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG