Accessibility links

Алматыда жер сілкінісі тіркелді


Алматы маңы. (Көрнекі сурет.)
Алматы маңы. (Көрнекі сурет.)

Бүгін жергілікті уақытпен таңғы сағат 4-тен 15 минут кеткенде Алматы қаласында күші 2-3 балдық (MSK-64 шкаласы бойынша) жерасты дүмпулері тіркелді деп хабарлады Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығы.

Орталық мәліметінше, 5,5 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 146 шақырымда, Қырғызстан территориясында 5 километр тереңдіктегі жер қабатында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.6.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG