Accessibility links

Меркель Ресейге қарсы санкцияны алуға қарсылық білдірді


Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия канцлері Ангела Меркель Ресейге салынған санкцияны жұмсартуға қарсылық білдірді. Бұл туралы ол жұма күні Вильнюсте Латвия, Литва мен Эстония мемлекеттерінің басшылары мен үкімет жетекшілерімен кездесуде айтқан. Минск келісімдерін жүзеге асыру ісінде прогресс болмайынша санкцияларды алу туралы әңгіме болмауы керек деп мәлімдеген Меркель.

Берлин Минск келісімдері орындалып отырған жоқ деп санайды. Меркельдің сөзінше, Украина территориясының тұтастығын қалпына келтіру – Еуропа үшін аса маңызды тақырып. Украинадағы оқиғалар Солтүстікатлантикалық одаққа қорғаныс мәселелеріне көбірек көңіл бөлу қажеттігін көрсетті деген ол.


Бейсенбі күні Еуропа Одағы Ресейге Украинаның егемендігіне қол сұққаны үшін енгізген жекелей шектеу шараларын тағы жарты жылға – 2019 жылғы наурыздың 15-іне дейін ұзартқан. Санкция тізімінде 155 жеке тұлға мен 44 компания бар. Олардың Еуропа Одағы аумағындағы активтері бұғатталып, өздеріне Еуроодаққа кіруіне тыйым салынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG