Accessibility links

Бұрынғы "Шымкентшина" зауытында өрт шықты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шымкент қаласындағы "Ордабасы" өндірістік аймағындағы бұрынғы "Шымкентшина" зауыты территориясында орналасқан пластик терезе шығаратын цех өртенді деп хабарлайды Қазақстан Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews сайты. Бұрынғы зауыт аумағында өрт шыққаны туралы суыт хабар қыркүйектің 15-і күні таңғы сағат 4-тен кете түскен.

"Төрт қабатты ғимараттың шатырында шыққан өрттің көлемі 5 мың шаршы метрді құрады. Сағат таңертеңгі 6.34 кезінде өрт ауыздықталды", - деп хабарлаған Төтенше жағдайлар комитеті.

Өрт салдарынан адамдар зардап шекпеген. Өрттің шығу себебі мен келген шығын көлемін анықтауға кіріскен.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG