Accessibility links

Помпео: Мәскеу Пхеньянға салынған санкцияны бұзып отыр


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан Солтүстік Кореяға ядролық қару мен баллистикалық зымырандар дайындағаны үшін енгізілген санкцияларды бұзуға тырысады деп Ресейді айыптады.

"Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары мен БҰҰ-ның санкциялар режимінің орындалуын бағалайтын комитетінің жұмысына кесірін тигізуге белсенділік танытып отыр", - деп мәлімдеген Помпео жұма күні АҚШ Мемлекеттік департаментінде өткен брифингте.

Оның мұндай мәлімдеме жасауына Ресейдің аталған комитет әзірлеп жатқан баяндамадағы санкцияны бұзуға ресейлік азаматтардың қатысы бар екені туралы сілтемені алып тастау мақсатында процеске араласуы себеп болған. Бейсенбі күні АҚШ өзгертілген баяндаманы бекітуге қарсы дауыс беріп, құжаттың әуелгі нұсқасын жариялауды талап еткен.

Майк Помпео Солтүстік Корея толық денуклеризацияға кіріспейінше, АҚШ-тың Пхеньянға қарсы салынған қатаң санкциялардың күшінде болуы қолдаудан айнымайтынын айтқан.


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын маусымның 12-і күні Сингапурде кездескеннен кейін Ресей мен Қытай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін Пхеньянға салынған санкцияларды біртіндеп алу мәселесін талқылауды бастауға шақырған. Қыркүйектің 13-і күні АҚШ Солтүстік Кореяға қатысты тыйым шарасын бұзған деп танылған Қытай компаниясы мен оның Ресейдегі филиалына қарсы санкция енгізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG