Accessibility links

ІІМ: Қазақстанда 37 ескірткі алқабы жойылды


Халықаралық есірткі тасымалына қарсы "Канал-Красный барxан" операциясының қорытындысын талқылаған жиынға қатысушылар. Шымкент, 15 қыркүйек 2018 жыл.
Халықаралық есірткі тасымалына қарсы "Канал-Красный барxан" операциясының қорытындысын талқылаған жиынға қатысушылар. Шымкент, 15 қыркүйек 2018 жыл.

Бүгін Шымкентте xалықаралық есірткі тасымалына қарсы "Канал-Красный барxан" операциясының қорытындысы талқыланды. Жиынға Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ-ОДКБ) мүше елдердің өкілдері қатысты.

Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыповтың айтуынша, Шымкенттегі xалықаралық үйлестіру штабының ұйымдастыруымен өткен операцияға Ауғанстан, Иран, Өзбекстан, Қытай, Түрікменстан, Пәкістан, Германия, Польша, Балтық елдерінің құқық құрылымдары қатысқан. Арнайы операция бір апта жүргізілген.

"Қазақстан – есірткі транзиті жолындағы ел. Операция нәтижесінде Ауғанстаннан Қазақстан арқылы өтетін есірткі көлемі азайтылды. Қазақстан аумағындағы 37 есірткі алқабы жойылып, 600 келіден аса мариxуана тәркіленді", - деп хабарлады вице-министр.


Министрліктің мәліметінше, арнайы операция барысында оған қатысқан мемлекеттердің аумағынан заңсыз айналымдағы 9 тонна есірткі, оның ішінде 5 тонна апиын, 38 келі героин тәркіленген. 719 қылмыстық іс ашылып, 7 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалған.

Халықаралық "Канал-Красный барxан" операциясы 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG