Accessibility links

БАҚ: Путин мен Абэ жеке әңгімеде бейбіт келісімді талқылаған


Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Владивосток, 10 қыркүйек 2018 жыл.
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Владивосток, 10 қыркүйек 2018 жыл.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мен Ресей президенті Владимир Путин жеке әңгіме кезінде екі ел арасындағы бейбіт келісім жайын талқылаған. Абэ мен Путиннің әңгімесі Владивостоктағы дзюдо жарысы кезінде өткен деп хабарлайды жапониялық NHK телеарнасы. Бірақ екі басшы арасында болған әңгіменің мазмұны туралы ақпарат жоқ. Кездесуде екі ел басшыларынан басқа аудармашылардың қатысқаны ғана айтылған.

Қыркүйектің 12-і Шығыс экономикалық форумында Путин Жапонияға 2018 жылдың аяғына дейін ешқандай алдын ала шарт қоймастан бейбіт келісім жасасуды ұсынған. Кейін жапон үкіметінің өкілі Токио Мәскеумен бейбіт келісімге тек даулы аралдарды қайтарып алғаннан кейін ғана қол қояды деп мәлімдеген. NHK телеарнасының мәліметінше, Абэ мен Путин жеке әңгіме барысында Ресей президенті ұсынысы негізінде құжатқа қол қою мүмкіндігін талқылаған. Бұл үшін Токиода Абэнің атына сын айтуға себеп болды.


Куриль аралдары тізбегінің оңтүстігіндегі төртеуі – Итуруп, Шикотан, Кунашир және Хабомаи Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Ресей мен Жапония арасында даулы аймаққа айналған. Совет әскері ол аралдарды 1945 жылы Жапония капитуляция жариялаған соң басып алған. 1956 жылы СССР мен Жапония әскери іс-қимылдарды доғарғаны туралы декларацияға қол қойған. Алайда территория дауынан екі ел соғыстан кейінгі бейбіт келісімге қол қоймаған. Ресей аралдарды өз меншігі деп есептейді, ал бұл аумақты өзінің бір бөлігі санайтын Жапония оны қайтаруды Ресейден үнемі талап етіп келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG