Accessibility links

Бельгия экстремизмге күдікті ресейлікті Мәскеуге берді


Брюссель көрінісі. (Көрнекі сурет.)
Брюссель көрінісі. (Көрнекі сурет.)

Бельгия экстремистік топтың қызметіне қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған ресейлік азамат Әли Гехаевты Ресейге экстрадициялаған. Бұл туралы Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қоғамдық байланыс орталығына сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлады.

Хабарламада Әли Гехаевтың Еуропа Одағы аумағында 2015 жылдан бері тұрып келгені айтылған. Ол Ресей мен тағы бірқатар мемлекеттерде тыйым салынған "Ислам мемлекеті" экстремистік тобын қаржыландырған деген күдікке ілінген.

Гехаевты Ресей тарабының сұрауы бойынша Бельгия полициясы ұстап, ол экстрадицияланғанға дейін сол елде қамауда отырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG