Лондон мэрі Садик Хан мен Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр Brexit туралы келісімнің шекті мерзімінің жақындауына байланысты елдің Еуропа Одағына мүшелігіне қатысты тағы бір референдум өткізуге шақырған.
Хан қыркүйектің 15-і күні Observer басылымы жариялаған мақалада Brexit бойынша Лондонның Брюссельмен келіссөздеріне қатысты әлеуметтік стандарттарға, экономика мен еңбекпен қамтуға қатер төндіретін екіұшты жағдай қалыптасқанын айтқан.
"Еуропа Одағымен үкіметтің жасасқан кез-келген келісімі, егер келісімге қол жетпесе одан дауыс берусіз шығу, сонымен бірге Еуропа Одағы құрамында қалу мүмкіндігі жалпыхалықтық дауысқа салынуы тиіс", - деген Хан.
Ұлыбританияның экс-премьері Блэр де тағы бір референдум өткізуді қолдаған.
"Ең дұрысы халыққа бұрылып: "бізде бұл келіссөздерге екі жарым жыл уақыт болды, енді біз барлық варианттарды білеміз. Сіз Еуропа Одағы құрамынан шығуды жалғастыруды қалайсыз ба немесе қалғыңыз келе ме?" дегеніміз жөн, - деп мәлімдеген маусымның 15-і күні Лондонда Тони Блэр.
Ұлыбритания келер жылғы наурыздың 29-ы күні Еуропа Одағынан шығуы тиіс. Бірақ премьер-министр Тереза Мэйдің келіссөзге қатысушылармен ортақ мәмілеге келе алмауы Brexit-тің "нәтижесіздігі" мен соның салдары ретінде Ұлыбританияны ықтимал экономикалық күйзеліске әкелуі мүмкін деген қауіпке негіз болған.
ПІКІРЛЕР